Аманжолда – күміс жүлде

Жуырда Алматы қаласында пауэрлифтингтен өткен республикалық жарыстан балқаштық зілтемірші – Аманжол БАУБЕКОВ күміс жүлдемен оралды.

Бұл жарыста спортшы зілтемірді жатып көтеру, тұрып белге көтеру және отырып, тұру жаттығулары бойынша күш сынасты.

– Жарысқа келген үш жүзге жуық спортшы 10 салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынады. Аталмыш спорт түріне деген қызығушылық елімізде жыл санап артып келеді. Мен сынға түскен 67 келі салмақта спортшылар көп болды. Тұрып белге көтеруден – 210 келіні бағындыруды ойлаған едім. Бірақ, белімнің жарақатына байланысты 192,5 келімен шектелуіме тура келді, – дейді Аманжол Баубеков.

Жерлесіміздің нәтижесі көңіл қуантарлықтай. Небары пауэрлифтинг спортымен 2 жыл айналысатын Аманжолдың екінші орыннан көрінуі биік меже. Отырып-тұру жаттығулары бойынша – 175 келі, жатып көтеруден – 105 келі, тұрып белге көтеруден – 192,5 келіні бағындырыпты. Жалпы көтерген салмағы – 472,5 келі. Сонымен қатар, осы жолы спорт шеберлігіне үміткер атағын алыпты. Ал, спорт шебері атану үшін 525 келіні көтеру керек көрінеді.

Бүгінде Аманжол Балқаш қаласындағы «Металлургтер» стадионында жаттығып жүр. Спортшының бапкері Алексей Ногай шәкіртінің талай додада ел намысын қорғайтындығына сенімді.

Нұрдос КӘРІМ,
«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.