Алтын кені өңделеді

Мысты өңір – Жезқазған қаласының кәсіпкерлері уақыт өткен сайын белсенділік танытып, жаңа әрі мейлінше тиімді жобаларды батыл ұсынуда. Соның бірі – Жалтырбұлақ кен орнындағы құрамында алтыны бар кенді өңдеу мақсатында шоғырлап шаймалау қондырғысын орнату жобасы.

Индустрияландыру картасы аясында қолдау тапқан жобаның бастамашылары алғашқы кезекте Доре балқымасын алуды жоспарлауда. Өндірілген өнім одан әрі мамандандырылған зауыттарда тазалаудан өтіп, құйма алтынға айналатын болады. Оның құрамындағы құнды металл 70 пайыздан кем болмайтын сыңайлы.

Кәсіпкерлер аталған жобаға 3,4 млрд. теңге қаржы салуды көздеп отыр. Дайын өнімді Қазақстанның Ұлттық банкі сатып алады деп күтілуде. Қондырғы кешен мен өндірістік модульдің іске қосылуы 150 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.