Жаңалықтар

Алтын көпір

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялағаны белгілі. Өз жолдауында Президент депутаттардың белсенділігі мәселесін айрықша атап өтті.

Депутаттар толғақты мәселелердің түйінін тарқатып, шешімін табу мақсатында Үкіметке депутаттық сауал жолдауға құқылы. Және сол құқығын тиімді пайдалана білуі тиіс. Себебі, халықтың өтініш-тілегін ести білетін мемлекет қалыптастыру үшін билік пен тұрғындар арасында алтын көпір болуы шарт. Ал, сол алтын көпір – халық қалаулылары!

Солай бола тұра, Президент заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы қарым-қатынас өзара сыйластыққа, іскерлікке, жасанды мүдде қарама-қайшылығынсыз құрылуы шарт екенін жеткізді. Елдің ертеңгі дамуы да осыған тікелей қатысты болмақ. Халық қалаулылары белсенді болған мемлекетте тұрақтылық пен татулық, атқарушы билікке деген сенім де қалыптасады.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,

облыстық мәслихаттың депутаты, облыстық Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі.

Басқа материалдар

Back to top button