Жаңалықтар

Алтын бесік

Балабақша мен отбасы арасындағы байланыс нығая түскен сайын бүлдіршіндерімізді де адами қасиеттерге баулу мүмкіндіктері де арта түседі. Осының арқасында балалар бойында жақсы қылықтар, ұжымдық қарым-қатынас, адамгершілік сезімдері, еңбексүйгіштік, үлкенді құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер туралы түсініктер қалыптасады. Қарағандыдағы №139 «Ақбөпе» балабақшасының тәрбиешісі – Гүлнар Айтбекқызы Наменгенова осы бағытта келелі жұмыстар атқарып жүрген маман.
Балабақша табалдырығын жаңа аттаған баланы құшақ жая қарсы алып, анасындай бола білген Гүлнар Айтбекқызының еңбегі зор. Бұл орайда тәрбиешімізге алғысымыз шексіз. Жас ұрпақтың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, баланың бойындағы талантын ашуда ауқымды іс жүргізуде. Балаларымыз көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді. Өз ұлым Дінмұхаммед Бахытжанұлы бірнеше конкурста бас жүлде иеленді. Мұның бәрі тәрбиеші еңбегінің арқасы деп білеміз.

Индира АЙТЫМБЕТОВА.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button