Ақтоғай

Алтыбақан аясында – ән мен жыр

    Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша атсалысу – шынайы патриотизмнің бастауы. Елім, жерім деп мақтану – бір бөлек, кіндік қаның тамған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру – маңызды.

Бүгінгі таңда, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласы ең алдымен – жастарға үлкен серпін беріп отыр. Аталған бағдарламалық мақалада «Туған жерге туың тік!» деп атап өткен болатын, әр азаматтың туған жеріне қызмет етуі, мүмкіндігінше қолдау білдіруі отаншылдық іс екені көңілге қонымды көрсетілген. Маңызды мақаланың мәнісіне үңілген ақтоғайлық жастардың өз туған жеріне қосар үлестері аз емес. Таяуда ғана 1996 жылы туған жастар ауылға өз бастамаларымен «Шатырша» тауының бауырына «Алтыбақан» орнатып берді. Жастар ақжарма қуанышты сәтте туып-өскен құт мекеніне қалтқысыз қызмет ететіндерін мәлімдеді. Осындай игі іс-шаралар жалғасын табады деген сенімдерін білдірді. Біріншіден, қазақтың ежелгі ұлттық ойыны Алтыбақан насихатталып, қандай да болмасын той – жиының ажырамас бөлігіне айналатындығын айтты. Екіншіден, Шатырша тауының етегіне кұрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болмақ.

Өз тілшімізден.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button