Бас тақырыпКоронавирус

Алматыда тағы екі науқас коронавирустан жазылып шықты

Бүгін Алматы қаласында коронавирус дертіне шалдыққан екі науқас сырқаттан айығып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы  coronavirus2020.kz хабарлады.

Науқастың бірі “Франкфурт –Нұр-Сұлтан – Алматы” бағыты бойынша ұшып келген. Ал, екіншісі “Мәскеу – Алматы” рейсімен келген екен. Індет жұқтырғандар тиісті ем-дом шараларын алды.

Бұдан былай екі науқас та медицина қызметкерлерінің бақылауында 14 күндік үй карантинінде болады.

Осымен елімізде коронавирус дертінен жазылғандардың саны 20 адамға жетті. Олардың он үші Нұр-Сұлтан қаласында. Ал, жетеуі Алматы қаласында ем қабылдаған. 

Басқа материалдар

Back to top button