Қарқаралы

Алаштың асыл арманы

   Тәуелсіздік күні мерекесін Қарқаралы ауданының жұртшылығы ерекше салтанатпен атап өтті. Ұлы мерекеге арналған жиын шымылдығы әнұранмен түрілді.

Салтанатты рәсімдегі ал­ғаш­қы сөзді аудан әкімі Халел Мақсұтов алды.

Тәуелсіздік – киелі ұғым. Мұнда азаттық аңсап өткен бабалардың ғасырлар бойғы асыл арманы жатыр. Тәуелсіздік – ең алдымен, қазақ халқының бос­тандыққа ұмтылған қайсар ру­хының же­місі, – деген аудан басшысы ұлы мерекенің қадір-қасиетіне кеңінен тоқталып өтті.

Еліміздің өркендеуіне елеу­лі үлес қосқан бірқатар аза­маттар марапатқа ие болды. Қарағаш ауылындағы №28 мектептің бастауыш сы­нып мұғалімі Ж.Омарова ау­дан әкімінің Құрмет грамотасымен, аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Ш.Қасымов, Қарағайлы кентінің мәдени-сауық орталығының бас есепшісі А.Қоңырова, М.Әдекенов ат­ындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжінің жұмыскері Е.Өмірзақов, Қарағайлы байыту фабрикасы үгіту бөлімшесінің бункершісі А.Балықбаев, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының маманы А.Құсайынова аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, мерекеге орай, «Нұр Отан» партиясы Қар­қаралы аудандық филиалы төрағасының Алғыс хаты аудандық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер М.Мүба­ра­ковқа, Қарқаралы Мемле­кеттік Ұлттық табиғи паркі ди­ректоры Е.Құтпанбаевқа, М.Мамыраев ауылының әкімі, бастауыш партия ұйымының төрағасы Қ.Жантуринге, Жәутіков атындағы №1 орта мек­тептің мұғалімі Г.Бакеноваға тапсырылды.

Мереке аясында аудан әкі­мінің «Сұңқар» сыйлығы да өзі­нің лайықты иелерін тапты. Дәстүрге айналған сыйлықтың «Жылдың үздік жас көшбасшысы» аталымы бойынша М.Әде­кенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Д.Рахымбек, «Үздік жас Отан қорғаушы» аталымы бойынша аудандық төтенше жағ­дайлар бөлімінің инспекторы Н.Қайыр, «Үздік жас мәдениет қызметкері» аталымы бойынша мәдени-сауық орталығының көркемдік жетекшісі Г.Сланбекова, «Жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясында Қаршығалы ауылдық округінің жетекші маманы Ә.Қасымбек, «Үздік жас жұмыскер» аталымы бойынша Қарқаралы аумақтық электр станциясының электр слесарі Р.Иманкәрім, «Жыл­дың үздік жас ұстазы» ата­лымы бойынша Егіндібұлақ селосындағы Саз мектебі филиалының домбыра сыныбының мұғалімі А.Имекеев топ жарды.

Дәл осы күні қала ортасында жергілікті кәсіпкер Бауыржан Қабышевтің қосқабатты «Азиз» атты сауда үйі ашылды. Жалпы аумағы 350 шаршы метрді құрайтын сауда орнын салуға 30 млн. теңге қаражат жұмсалған. Бүгінгі күнде ғимаратта түрлі нысандар халыққа қызмет көрсетуде.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button