Руханият

Алаш көсемі атындағы музей ашылды

Астанадағы №76 мектеп-лицейде Әлихан БӨКЕЙХАН атындағы музей ашылды. Мектеп басшылығы жаңа музейді ашу барысында Алаш қайраткеріне қатысты деректерді жүйелі пайдаланып, заманауи дүниелерді ұтымды пайдалана білген.

ФОТО: egemen.kz

Музейдің ашылу салтанатына алаштанушы-ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай, әлихантанушы, ғалымдар Сұлтанхан Аққұлы мен Дихан Қамзабекұлы, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов және Әлихан Бөкейханның 94 жастағы жиені Ортай Әбдірахманов қатысты.

76 мектеп-лицейдің директоры Сафура Сейдуалиқызының айтуынша, музей ашу туралы ұсыныс лицей оқушылары тарапынан түскен. Ұлттың ұлы тұлғаларын ардақтай білген шәкірттердің бастамасына Алаштану зерттеу институтының директоры Сұлтанхан Аққұлы мазмұндық қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар береді. Нәтижесінде заманға сай жабдықталған музей ашылды. Мектеп басшылығының ендігі арманы – білім ошағанына Әлихан Бөкейхан есімін беру. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр екен.

Алаш қайраткеріне арналған музей бірнеше бөлімнен тұрады. Ұсынылатын деректердің барлығы тексерілген, шынайы құжаттардың көшірмелері. Сонымен қатар, мұражайдың бір бөлігіне Quick Response Code ұяшықтары орнатылған. Оларға арнайы қосымшасы бар телефоныңызды жақындату арқылы, Әлихан туралы естеліктерді, аудиодеректерді тыңдай аласыз.

Мектеп басшылығының айтуынша, алдағы уақытта музей интеллектуалдық орталық ретінде де жұмыс істейді. Яғни, оқушылар осы жерде әдебиетшілер, ғалымдар және тарихшылармен кездесіп, пікірлесе алады.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button