Басты тақырыпСаран

Қаланың тынысымен танысты

   Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек ДҮЙСЕБАЕВ жұмыс сапарымен Саран қаласына барды. Алдымен, «Горняк» шағын ауданындағы үш қабатты жалдамалы тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта тұрғын үйдің инженерлік- жарықтандыру жабдықтары, жылу жүйесі және ішкі жұмыстары жүргізілуде.

   Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында қаланың өн­дірістік кәсіпорны «Казметаллпласт» ЖШС-не ат басын тіреді. Жоғары сападағы фитингтер және қазіргі нарықта сұраныс жоғары су мен газға арналған жабдықтар, төмен қысымдағы желілерге тартылатын кәрізбен телекоммуникацияға тиімді по­лиэтелендік құбырлар, болат фланецтер дайындайтын кә­сіпорынның жұмысын көрді.

Сондай-ақ, “Саран тігін және тоқыма фабрикасы “GALEX PLUS” жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінде де болды. Бір айта кетері, 1956 жылы алғашқы өнімі ұсынылған фабрика бүгінгі күнге дейін түрлі жұмыс киімдерін тігуде талаптың үдесінен шығып келеді.

Жұмыс сапарынан кейін жиналыс өткізген Асылбек Дүй­себаев қаланың 9 айдағы даму көрсеткіші мен бюджетін және проблемалық мәселелерді тал­қылады. Жиын соңында Асыл­бек Жексенбайұлы «Горняк» шағын ауданындағы үш қа­батты жалдамалы тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға қосым­ша қаржы қарастыру үшін нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктеді.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button