Қарқаралы

Алғыс кітабы – Қарқаралыда

    Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Алғыс кітабы» жобасы аясындағы «Алғыс эстафетасы» Қарқаралы ауданында да жалғасын тапты. М.Әде­кенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылығы колледжінің спорт залында өткен шараға ауданның спортшы жастары қатысты. Ауқымды эстафета еліміздің айбынды Әнұранымен ашылды.

Қала әкімі Айдар Сатыбалдин құттықтауын жеткізіп, жастарға сәттілік тіледі. Алғыс кітабын табыстау үшін арнайы келген Теміртау қаласының мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің ескек есу спорты бойынша Олимпиада резерві мектебінің басшысы Сағат Әбікеева эстафетаның мән-мағынасына тоқталды. Алғыс кітабын аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Қасымовқа тапсырды.

Ауданның қоғамдық кеңес төр­ағасы, спорт жанашыры Ә.Ома­ров, Халықаралық және республикалық спорт жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпаздары Е.Икебай және Қ.Мағмұр Елбасы Н.Назарбаевқа арнап құттықтау сөздерін жазып, «Алғыс кітабына» қолтаңбаларын қал­дырды.

Сонымен қатар, мектеп оқу­шылары мен жастардың қатысуымен спорттық флеш-моб ұйымдастырылды.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button