Жаңалықтар

Алғыс алған абзал жандар

        «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың жаны сау» деген  аталы сөздер тайға таңба басқандай адам денсаулығының өте маңызды екенін көрсетсе керек.

Салауатты өмір салтын жолға қоя отырып, экологиялық жағдайларды ескеріп, сапалы тамақ өнімдерін пайдаланып, рухани жан азығын молайтып, дене шынықтырумен халық болып айналысып жатса, нұр үстіне нұр. Жаһандану заманында медицинаның ерекше дамып келе жатқандығын білеміз. Заманауи дәрігерлік қондырғылармен жабдықталған емханалар, ауруханалар баршылық. Отандық дәрілер өндіретін фармацевтика өркендеп келе жатқандығын естиміз.

Бір қуанарлық жағдай 2018 жылдан бастап дәрігерлік сақтандыру қорлары арқылы, емделушілерге зор мүмкіндіктер ашылмақ.

Бүгінгі күнде өз мамандықтарын жете меңгерген сапалы емдеу, адам ағзаларының ауруларын дәл анықтап, заманауи дәрігерлік қондырғылардың тілін білген жоғарғы, бірінші санаттағы дәрігерлеріміз, медбикелеріміз баршылық. Оларға деген емделуші адамдардың ризашылық, алғыс сезімдері жоғары.

Ауырған адамға мейірімділігімен, сыпайылығымен, адам жанын түсінумен жүрген №1 емхана дәрігері, бірінші санаттағы гастроэнтеролог – Индира Жанәділова, осы емхананың бірінші санатты медбикесі Қарашаш Түсіпханова. №3 емхана дәрігері, бірінші санатты терапевт Дина Утебаева, бірінші санатты аға медбике Маржан Ибаділдиналар көптің алғысын алғандар.

Сонымен қатар, облыстың урология бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санаттағы уролог, хирург Серік Жүнісов әр түрлі бүйрек, несеп жолдарына ота жасауда елдің ризашылығына  бөленуде.

№5 емхананың бірінші санаттағы уролог-дәрігері Қуан Қабыдин, невролог – Рита Напетова, сондай-ақ, облыстық  соғыс, тыл ардагерлерін емдеу ауруханасының дәрігерлері – жоғарғы санатты терапевті Владимир Сиденко, жоғарғы санатты терапевт Светлана Тень қолдары емсек, жүректері жылы жандар.

Аталмыш дәрігерлер сапалы ем жасаумен қатар шәкірт тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі.  Мұндай жетістіктер аталған аурухана, емханаларды басқарып отырған басшылықтың темірдей тәртіп, зор жауапкершілігінің арқасы.

 

 Әли ТІЛЕМІС,

еңбек ардагері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button