Жаңалықтар

Алғашқы өнім берілді

    Аймағымыздағы «SevenRefractoriesAsia» отқа төзімді материалдарды шығару зауыты отандық және шетелдік тұтынушыларға алғашқы өнімдерін ұсынды. Кәсіпорын 600 тонна отқа төзімді материалды Ресей зауыттарына жөнелтсе, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ 500 тонна сынамалыққа тапсырыс берген.

«SevenRefractoriesAsia» отқа төзімді материалдарды шығару зауытының бас директоры Максим Глазуновтың айтуынша, барлық өнім көлемінің 80%-ын шет елге шығаруды жолға қойған. Ресейдің Новолипецк, Орал, Магнитогорск металлургия комбинаты, «Северстальмен» жұмыс жүргізілуде. Әзірше өнеркәсіптік сынақ іске асуда. Болашақта өнімді тұрақты түрде жеткізіп тұратын көрінеді.

Еліміздегі бірден-бір жалғыз өнеркәсіп саналатын зауыттың қуаты жылына 45 мың тонна отқа төзімді материал шығаруға дейін жетіп отыр. Өнім негізінен қара және түсті металлургияда, цемент өнеркәсібінде, мұнай-газ кешенінде қолданыста. Отандық тұтынушылар осы уақытқа дейін бұл өнімдерді шетелден сатып алып пайдаланған болатын.

Айта кетсек, отқа төзімді материалдарды шығару зауыты шілде айының соңына таман «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында ашылды. Зауыт шетелдік инвесторлардың қаржысына салынды. Жоба құны – 1,9 млрд. теңгені құрады. 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар «Seven Refractories» холдингі отқа төзімді материалдардың қазіргі заманғы көптеген түрін шығарып отыр. Бүгінгі таңда халықаралық компанияның бөлімшелері Словения, Германия, Австрия, Италия, Украина, Ресей және Қазақстанда ашылып, жұмыс істеуде.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button