Жаңалықтар

Қайырымдылық қоры көпбалалы отбасыларға көмек көрсетті

ЖУЫРДА «БАЛАЛЫҚ ШАҚ ӘЛЕМІ» ЖЕКЕМЕНШІК ҚОРЫ «ЖЫЛЫ ЖҮРЕК – ЖОМАРТ ҚОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ №16 ОРТА МЕКТЕПТІҢ КӨПБАЛАЛЫ ЖӘНЕ АЗ ҚАМСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН 20 ОТБАСЫНАН ШЫҚҚАН 77 БАЛАҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ.

Аталмыш қор 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, жалғызбасты аналарға қол ұшын беріп келеді.

Қайырымдылық шарасының жүзеге асуына №16 мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Таңатар Мәденнің бастамасы мұрындық болған. Ол «Балалық шақ әлемі» жекеменшік қорына көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасылардың тізімін жіберіп, көмек беруін өтінген.

 Қор президенті Ю.Полохов пен менеджері И.Ванчугова ұсынысқа бейжай қарамады. 20 отбасының 77 баласына оқу-құралдар, киім-кешектер, спорттық киімдер мен аяқ киімдер үлестірді.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button