Жаңалықтар

Қайырымды жандар ордасы

       «Достық үйінің» конференц-залында Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер клубының алғашқы отырысы өтті.  Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына еліміздегі қайырымдылық шараларының дамуын үйлестірудегі ҚХА жұмыстары бағыттарының бірі болып табылады.

Алқалы отырысты жүргізген Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Е.Құсайын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыруда Қарағанды облысы ҚХА бастамасымен қайырымдылық пен тәлімгерлікті дамытуға баса назар аударылуын, осыған орай, тиімді жұмыс атқару мақсатында Қарағанды облысы ҚХА жанындағы Қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер клубын құру жоспарланғанын атап өтті.

Клубқа аймақтағы 23 белсенді меценат пен жомарт жандар мүше.

Аталған шарада Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қайырымдылық жасаушылар мен тәлімгерлер клубының ережесі талқыланып, қайырымдылық жолында жасалған жұмыстар мен осы мәселені дамыту бағытында, алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыс жоспары нақтыланды.

Сонымен қатар, «ҚазПласт» ЖШС-нің директоры С.Водько клуб төрағасы болып, ал жеке кәсіпкер М.Қадырова төрағаның орынбасары болып сайланды.

Осы жылдың 8 желтоқсанында Астана қаласында өтетін, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясын қорытындылайтын республикалық съезіне клуб құрамынан қатысатын мүшелері де анықталды.

 

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button