Жаңалықтар

«АЙТ ЖАҢА ФОРМАТТА ӨТЕДІ»

Кеше өткен баспасөз мәслихатында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Бекқожа осылай деп мәлімдеді.

Бас имамның айтуынша биылғы Құрбан айт жаңа форматта өтпекші. Атап айтқанда, қыркүйектің 12-сі күні таңғы 7.30-да айт намазы өтеді. Одан кейінгі шаралар бас мешітте өтетін болады. Мешіт алдында жәрмеңке ұйымдастырылмақшы, отызға тарта шатыр, үш киіз үй тігілмек. Сондай-ақ, мұнда ұлттық спорт ойындары өріс алады (кір тасын көтеру, арқан тартысы, қазақ күресі).

Мал шалу айт намазы оқыл­ғаннан кейін өтеді. Оған арнайы үш жерден орын белгіленген (Көкпекті ауылы, қаланың Складская көшесінің 1-ші және Резник көшесінің 18-ші үйлері). Көкпекті ауылына арнайы автокөлік рейстері ұйымдастырылмақ, сондай-ақ, Майқұдықты басып өтетін авто­бустардың бағыты Көкпектіге дейін ұзартылып отыр. Шалынған құрбандықтар жағдайсыз отбасыларына, қарттар және жетім балалар үйіне таратылмақшы.

Сол күннің кешінде «Шал­қыма» концерт бірлестігінде «Құран кеші» өтпекші. Онда он екі жасқа дейінгі балалар Құран оқу байқауына қатысатын болады. Ал Көкпектіде ауыл шаруашылығының жәрмеңкесі ұйымдастырылмақшы. Сондай-ақ, осы күні өнер шеберлері халыққа қызмет көрсетеді.

Төрехан МАЙБАС

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button