Аймағымызда 129 әкім сайланды

    Биылғы 8-9 тамызда облысымызда аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтер құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы өткен еді. Кеше сайлау қорытындысы бойынша облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара АЙМАҒАМБЕТОВТІҢ қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Төрт жылда бір мәрте жүргізілетін сайлау бұған дейін 2013 жылы өткен болатын. Сол кезде аудандық мәслихат депутаттары 202 әкімді сайлаған еді. 2013 жылғы тамыз бен 2017 жылғы сәуір аралығында басқа қызметке ауысуы, қызметі жоғарылауы, зейнет­керлікке шығуы, денсаулығы болмауы сынды түрлі себептерге байланысты 83 әкімнің қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сөйтіп, биыл 129 ауылдық округке, ауыл мен кентке, соның ішінде 83 ауылдық округке, 22 кент пен 24 ауылға әкім болуға ниет білдірген үміткерлер саны – 388 адамды құрады. Бұл көрсеткіш бұған дейін 391 адамды құраған еді. Алайда, түрлі себептерге байланысты, 3 үміткер сайлауға қатысудан бас тартып, яғни, бір орынға 3 үміткер таласқа түсті. Оның ішінде 287 (74%) ер адам және 101 (26%) әйел адам болды. Үміткерлердің орташа жасы – 50. Олардың арасында 20 дәрігер, 55 инженер, 96 оқытушы, 74 экономист, 5 ауыл шаруашылығы қызметкері және 2 саясаттанушы бар еді.

Сайлау Ержесіне сәйкес, аудандық маңызы бар қалалар, селолық округтер, селолық округтер құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдар әкімі болуға үміткерлер жергілікті қауымдастықпен кеңесе келе іріктелді. Жергілікті бюджеттен әр үміткерге 66500 теңгеден бөлінді. Бұл сомаға насихат жұмыстары, көлік шығындары және БАҚ жарияланымдары енді. Ал, бюджеттен бөлінген жалпы қаражат көлемі – 20 млн. теңге. Сөйтіп, аталған сайлауда барлығы 129 әкім сайланды. Олардың арасында 121 ер адам мен 8 әйел адам бар. Барлығы жоғары білімді.

Аталған сайлауды өткізу кезінде ауқымды әзірлік жұмыстары атқарылды. Әр үміткердің құжаты, лауазымға сәйкестігі жіті бақыланды. Нәтижесінде, сайлау науқаны кезінде облыстық сайлау комиссиясына ешқандай шағымдар мен арыздар келіп түспеді, – деді Ерқара Аймағамбетов.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.