Аймақта — кадрлық өзгерістер

Экономика басқармасының басшылығына Азамат Мұқанов тағайындалды. Бұрын ол Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кадр жұмысы департаментінің директоры қызметін атқарды.

Азамат Мұқанов 1976 жылы Қарағанды облысының Ақтау кентінде дүниеге келген.

 1997 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша бітірген. Кәсіби бухгалтер және мемлекеттік аудитор сертификаттары бар.

 Еңбек жолын 1997 жылы Астанадағы «Валют-Транзит Банк» ААҚ сауда операциялары басқармасының маманы болып бастаған. Сол жылы Өңірлік даму басқармасының маманына дейін көтерілді.

1998 жылы «Валют-Транзит Банк» ААҚ бастығының Павлодар облысы ЕКҚК-мен жұмыс жүргізу жөніндегі департаментін дамыту бойынша орынбасары.

2000 жылы – «Глобал Маркетинг групп» ЖШС Сауда өкілі. 2002 жылы – “BELONEX STEEL TRADING” ЖШС директоры.

2006 жылы – “НАПЕКО” ЖШС директоры қызметін атқарды.

2009 жылы – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұқаралық ақпарат құралдарымен министрдің қызметін қамтамасыз ету және байланыс басқармасының бастығы.

2009-2012 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылдан 2013 жылға дейін «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ бастығы болды.

2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ішкі бақылау басқармасының басшысы.

2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қазақ­стан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде әртүрлі лауазымдарды атқарды.

Қазіргі тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі кадр жұмысы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.


Денсаулық сақтау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы лауазымына Қанат Асқаров тағайындалды.

Қанат Асқаров 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2001 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын дәрігер-гигиенист-эпидемиолог мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде экономика бакалавры дәрежесін алды. 2014 жылы техника және технологиялар бакалавры. «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды облысының СЭҚ радиологиялық зертханасының техникдозиметрисі лауазымынан бастады.

2003 жылы Қарағанды облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің санитарлық қадағалау бөлімінің жетекші маманы.

2006 жылы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Қаражал қаласы бойынша басқарма бастығы қызметін атқарды.

 2006-2008 жылдар аралығында Теміртау қаласы бойынша басқарманы басқарды.

 2013-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

 2014 жылы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпиде­миологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

2014 жылдан бастап 2018 жылға дейін Қарағанды облыстық медициналық көмек станциясының директоры қызметін атқарды.

 2018 жылы «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитарлық авиация орталығы» РМК Алматы бойынша өкілдігінің директоры болып тағайындалды.

 Қазіргі тағайындалғанға дейін Саран орталық ауруханасының директоры болып жұмыс істеді.