Басты тақырып

Аймақ – алдыңғы үштікте

Облыс бойынша биыл өнеркәсіп саласында 865 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіші үш пайызға артты. Қарағанды облысы – республика бойынша Атырау мен Маңғыстау облыстарынан кейін үшінші орында тұр. Ауыл шаруашылығы, сауда және туризм саласында даму бар.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы аймақтық коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстық статистика департаментінің қызметкерлері аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды. Олардың сөзіне сүйенсек, бірінші жартыжылдықтағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша өндірістік өнімнің негізгі көлемі – 79 пайызды құраған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсім деңгейі үш пайызға артқан. «Нұрлы Жол», «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, «Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру және шағын және орта бизнесті дамыту, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту», «Жер қатынасы», «Әлеуметтік саланы дамыту» секілді бағдарламалар негізінде атқарылған жұмыстар – ауқымды..

Светлана ТРИНЧУК, Қарағанды облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары:

Биыл тұрғын үй және құрылыс саласына 18,1 миллиард теңге бағытталып, жұмыстар нәтижесі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 28 пайызға артты. Қаңтар-маусым айларында қалалар мен аудандарда 459 ғимараттың құрылысы аяқталды. Жалпы, жұмыстардың көлемі 53,4 миллиард теңгеге негізделіп, құрылыс саласы бойынша көрсеткіш – 94,6 пайызды құрады. Бұл – Абай , Бұқар жырау, Нұра аудандары бойынша тұрғын үйлер және медициналық орталықтарға жүргізілген жұмыстар мен білім нысандарын қамтиды.

Брифингте белгілі болғандай, қаңтар айынан бастап аймақтағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны едәуір өскен. 92 мың нысанға артып, кәсіпкерліктің өзге де салаларындағы біршама мәселелер талқыланған. Бірінші жартыжылдықтағы шағын және орта кәсіпкерліктегі сауда саласы – 46%, ауыл шаруашылығы – 15%, көлік және қоймалар бойынша – 7% болса, 5% -ы жарнама саласын қамтыған.

Сондай-ақ, мамыр айындағы есеп бойынша облыстағы жалпы халық саны 1897 адамға көбейген. Қазіргі жаз айларында қала тұрғындарының көбі демалыс орындарында жүр. Облыс көлеміндегі жеті мың адам Балқаш қаласы және Қарқаралы ауданындағы демалыс орындарын таңдапты.

Статистика департаменті қызметкерлерінің айтуынша, биылғы жартыжылдық жалпы есеп бойынша 34,5 мың адам жұмыссыздар тізімінде тұр. Өңірдегі кедейлік деңгейі 4,9 пайызды құраса, ең төменгі күнкөріс айлығы 21 мың 263 теңге. Азық-түлік пен өзге де тауарлардың бағасы қымбаттап, жалақы төрт пайызға төмендеген.

Аяулым СОВЕТ

Суретті түсірген

Л.ГАЛИМОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button