Қарағанды

Айла мен ақыл бәсекесі

    Тұңғыш Президент күніне орай Октябрь ауданы әкімінің қолдауымен аудан ардагерлері арасында шахмат турнирі өтті. 

Жарысқа аудандағы тау-кен-индустриалды колледжінің ардагер ұстаздары, Жаңа Майқұдық Мәдениет үйінің «Надежда» атты ардагерлер хорының мүшелері қатысты. М.Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектепте өткен бәсекеде барлығы жиырма қатысушы мықтылық сынасты.

Тартысты турнирде қарттар ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ойында қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салды.

Қатысушылар мұндай бәсекеде бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Осыған дейін де көптеген интеллектуалды ойындардың көрігін қыздырып жүрген жандар.

Жарыс қорытындысында тау-кен индустриалды колледжінің ардагер ұстазы Николай Зражевский жеңімпаз атанды. ІІ орынды аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Боранбай Алпысбаев, ІІІ орынды Геннадий Ивченко (тау-кен индустриалды колледжі) иеленді.

Жеңімпаздарға кубоктар мен марапат қағаздары табысталды. Сондай-ақ, қатысушыларға Тұңғыш Президент күніне арнайы жасалған ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.

Шара әскери-техникалық мектеп оқушылары мен ардагерлер арасындағы шахматтан жолдастық кездесумен аяқталды.

 

Ошақбай СУХАНБЕРЛИН.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.   

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button