Руханият

Айбынды ұлан – ел ертеңі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының бастамасымен “Көңілді тапқырлар”жай дарман ойындары өтті. Республикалық күзгі марафон сайыстарына әскери бөлім сарбаздары қатысты.

Орталық өңірлік қолбасшылығы өз қызметін Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында жедел, аумақты түрде жүзеге асыратын әскери басқару орталығы болғандықтан, өңірлік қолбасшылыққа бағынышты әскери бөлімдер мен бөлімшелердің 50%-ы Қарағанды облысында орналасқан. Биылғы жайдарман ойындарына Астана қаласы 6636 әскери бөлімінен “Унесенные” командасы, Петропавл қаласы 6637 әскери бөлімінен “Әр үйдің балалары” командасы, Степногорск қаласы 3517 әскери бөлімінен “Агро(star)” әскери командалары бақ сынады. Сондай-ақ, Қарағанды қаласы 6505 әскери бөлімінен “Найзағай”, 52859 әскери бөлімінен “Көңілді апельсин», 5451 әскери бөлімінен “Жігіттер”, Көкшетау қаласы 5510 әскери бөлімінен “Толағайлар”, Теміртау қаласы 5516 әскери бөлімінен «16 жігіт», Қостанай қаласы 6697 әскери бөлімінен «Дос күлкі» командалары ерекше ойын үлгісін көрсетті.

Сайысқа қатысушылар жайдарман ойындары барысында әскери өмірге қатысты мәселелерді қозғады.

Жайдарман ойындарының ережесіне сай командалар «Назар аудар!», «Үй тапсырмасы» аталымдары бойынша сайысқа түсті. Қарағанды қаласы әскери бөлімдері бойынша “Найзағай” командасы – І орын, «Жігіттер» командасы – ІІ орын иеленді. Степногорск қаласынан келген “Агро (star)” сарбаздары ІІІ орынды қанағат тұтты.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button