Агроөнеркәсіп келешегі талқыланады

«AgroInvest Forum 2017» Аграрлық өнеркәсіптік инвестициялық форум 2017 жылғы 25 тамызда Астанада өткізіледі. Оған Қазақстан, Қытай, Иран, БАӘ, Венгрия, Польша, Ресей, Испания, Түркиядан және басқа елдерден жүзден астам өкіл қатысады. Бұл туралы «ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Форумның негізгі міндеті – қазақстандық бизнеске ауыл шаруашылығында және азық-түлік тауарларының өндірісіндегі жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптестер іздестіруге көмектесу, салаға инвестициялық капитал тарту, АӨК бизнес жүргізу үшін жаңа трендтер мен келешегін талқылау» делінген баспасөз хабарламасында.

«AgroInvest Forum 2017» форумына қатысу үшін ірі шетелдік инвесторлар, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен инвестициялық қорлардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік агробизнес өкілдерінің кеңейтілген тобы қатысады деп күтілуде. Қазақстандық өндірушілер инвесторлармен жұмыс және аграрлық жобаларды іске асыру бойынша тәжірибемен бөліседі.

«Ұйымдастырушылар форумда іскерлік байланысты тиімді ету мақсатында, сондай-ақ, көкейкесті мәселелерді шешу үшін коммуникация құралдарының кеңейтілген спектрін ұсынады: инвесторлардың жобаларды көрсетуі (Pitch-презентациялар), Public talk және networking форматында аудиториямен тікелей байланыстар, тақырыптық секциялар, панельдік пікірталас, шеберлік сабақтары, B2B, B2G кездесулер. Форум жұмысын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде онлайн-трансляция бойынша көруге болады.

«AgroInvest Forum 2017» қатысушыларын тіркеу мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: http://www.investagro.kz/. БАҚ тіркеу: pr@investagro.kz» дейді баспасөз қызметінің мамандары.

Өз тілшімізден.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.