Абай

Аграрлық кешендегі серпін

               Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында аграрлық саланы дамыту мәселелері қамтылды. Президент «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік. Оны мақтан тұтамыз. Алайда, қазір ол жеткіліксіз. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет», – деп нақты міндет қойды. 

Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру – ауыл шаруашылығы өнімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.  Еңбек өнімділігінің өсуі – өндірісте қазіргі заманғы технологияларды пайдалануға тікелей байланысты.

Абай өңірдегі шаруа қожалықтары әлемнің озық елдерінің тәжірибесін қолдана отырып, заманауи озық технологияларды енгізу және инвестиция салу бағытында белсенді жұмыс жасауда. Қазіргі таңда «Шанс» шаруа қожалығында «Гримм», «Джондир» атты әлемдік өндірушілерлің елу шақты жоғарғы өнімді техникалары бар.

Былтыр шаруашылық құны – 180 млн. теңге болатын қоймада өнім сақтау жабдықтарын сатып алды. Бұл картопты іріктеу және сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Ауқымды жаңғыртуды «Агрофирма Құрма» ЖШС құс фабрикасы жасап келеді. 2009 жылдан бері ескірген технологиялық жабдықтар біртіндеп алмастырылуда. 2014 жылдан бастап биогаз орналастыру құрлысының жобасы іске асырылуда. Қабылданған шаралар жыл сайын фабриканың өнімділігін арттыруға, қоршаған ортаға жағымды әсерін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтар «Топар жылыжайлары» ЖШС пайдаланылады. 2017 жылы көкөністер жинағы 4326 тоннаны құрады. Бұл өткен жылғы деңгейден 6,4% жоғары.

«Астра-Агро LTD» ЖШС-де ғылыми жетістіктер кеңінен қолданылады. Онда картопты өсіру және тұқым өндіруге арналған вируссыз негізде биотехнология әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. 2017 жылы «Астра-Агро» ЖШС асыл тұқымды тәлімбақтарда 88 мың өсімдік түрін отырғызды.

Шикізатты өңдеу және әлемдік нарыққа жоғары сапалы дайын өніммен қамтамасыз ету міндеттерін орындау мақсатында өткен жылы Абай қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорын ашылды. Ол – «Волынка» ЖШС шұжық цехы. Цехта шұжық және ет өнімдерінің 110-нан астам түрлерін өндіреді. Осы кезеңге дейін кәсіпорын 235 мың тонна өнім өндірді.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда ауданда 7 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Мұнда 212 шаруашылық біріктірілген. Аталған бағыттағы жұмыстар биыл да қарқынмен жалғасын таппақ.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button