Жаңалықтар

Адвокат алматылық қыздың жантүршігерлік тағдыры туралы айтып берді

“Саяхат” автовокзалы аумағында көлік астына түскен алматылық қызды күшпен ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұл туралы баспасөз конференциясында оның адвокаты Айман Омарова айтты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. 

6 мамырда желіде көліктен секіріп түсіп, сутенерлерден қашқан қыз жайлы видео жарияланды. Шындығында, Айман Омарова айтқандай, қыз притоннан он күн бұрын қашып шыққан. Осы уақыт ішінде үйдің подвалдарында түнепті, сол күні “Саяхат” аумағында қызды притон қожайынының ұлы көріп қалған болуы керек, одан қашамын деп кездейсоқ көліктің астына түскен.

Адвокаттың айтуынша, притонда Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан және Қазақстанның қыздарын әлдекімдер күшпен ұстап отыр.  

“Адамдар менен ұзақ уақыт құлдықта болған қызға көмектесуді өтінді. Бұл бір қызға ғана қатысты жайт емес, құлдықта Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қазақстан және Қырғызстаннан келген қыздар отыр”, — дейді Айман Омарова.

Адвокат Раушанмен сөйлескеннен кейін ол бұрын анасымен бірге интернатта тұрғанын анықтаған. Анасы көз жұмып, интернаттан шығарылғаннан кейін ол жұмыс іздеуге кіріскен. Такси жүргізушілердің бірі оған үй тазалап, ақша табуды ұсыныпты. Дегенмен уәде етілген жұмыстың орнына жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.     

“Притонда түнде жұмыс істеген. Оны үш апалы-сіңлі басқарып отырған”, — деп хабарлады Айман Омарова.

Сонымен бірге адвокат полицейлерге сенімсіздік танытып, Бас прокуратурадан көмек сұрады.  

“Біз ҚР Бас прокуратурасынан осы мәселеге назар аударып, ол адамдарды таба алатын комиссия, топ құруды сұраймыз. Бұл өзін қорғай алмайтын әйелдерге қатысты мәселе”, — деп толықтырды адвокат.

Бұдан бұрын Алматы ІІД 6 мамыр күні Сүйінбай даңғылында 1989 жылы туған қыз белгісіз автокөліктің астына түсіп қалғаны жайлы ақпарат таратқан болатын, қыз кейінірек өзін заңсыз ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін мәлімдеді. Іс бойынша күдіктілер ұсталды.   

Полиция сонымен қатар қыз 2009 жылдан бері Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасында жезөкшелікпен айналысатын тұлға ретінде есепте тұрғанын атап өтті.    

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button