Әдебиет

Қадірлеңдер ақындарды

Қадірлеңдер ақындарды,

Ардақтайтын анаңдай,

Жас нәресте балаңдай,

Сүйіп алған жарыңдай,

 Мөлдір таза арыңдай.

Қадірлеңдер ақындарды

Менмендік жоқ өзінде,

Сыр жатады көзінде,

От-жалын бар сөзінде,

Тиетұғын сезімге.

Қадірлеңдер ақындарды,

Туа салған дарындар,

Бойында асау арын бар,

Лапылдаған жалын бар,

Солар құсап жаныңдар!

Қадірлеңдер ақындарды,

Сүйеді Отан, өлкесін,

Мінезі дарқан көл-көсір.

Қиында бастар ел көшін,К

өптің сүйген еркесін,

Қадірлеңдер ақындарды.

Жеңіс ҚАШҚЫНОВ.

Басқа материалдар

Back to top button