«Адал ұрпақ ерікті мектептер клубтарының ІІ облыстық слеті» өтті

Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрестің одан әрі жалғастырылуына айрықша мән берілген.

Онымен қоса, БҰҰ-мен «9 желтоқсан күні – сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» деп жарияланды. Ғасыр індетіне айналған сыбайлас жемқорлық құбылысына әлемдік деңгейде төтеп беру, біздің елімізде де жүзеге асырылуда.

Айтулы күн қарсаңында, облыс бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы апталық» ұйымдастырылуда. Апталықтың басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын дәріптеу арқылы іс-шараға барлық қоғам өкілдерін жұмылдыру.

Дәл осы апталықтың бастауы оқушылардың облыстық жиынына тұспа-тұс келіп отыр. Яғни, бүгін өскелең ұрпақтың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру және адал, сатылмайтын еңбекті дәріптеу мақсаттарында Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша Департаменті және Қарағанды қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ ерікті мектептер клубтарының ІІ облыстық слеті» өтті. 

Слеттің мақсаты «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылау, жас ұрпақты жауапкершілік, шыншылдық, адалдық, мейірімділікке баулып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Слет барысында «Транспаренттік және есепті мемлекет» тақырыбында өткізілген үздік бейнероликтер байқауы мен «Адал және сатылмайтын еңбектің келбеті» тақырыбында өткізілген суреттер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.