Абылайханда — алтын медаль

          Хельсинкиде бокстан 37-ші халықаралық «GeeBee» турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада Азия және әлем чемпионатының жүлдегері, жерлесіміз Абылайхан ЖҮСІПОВ 69 келіге дейінгі салмақта алтыннан алқа тағып, «Үздік боксшы» атанды.
Былғары қолғап шебері, ақтық сында британдық Харрис Акбарды басымдықпен жеңді. Айта кетейік, жиырма жасар спортшы бұған дейін жасөспірімдер арасында ҚР чемпионы (2013), Азия және әлем чемпионы (2013), жастар арасында ҚР чемпионы, халықаралық турнирде (Германия, 2014), Азия және әлем чемпионы (2014), жастар олимпиадасында (2014), ересектер арасында Ғ.Жарылғаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған. Сонымен қоса, Венгрия (2016) және Қытайда өткен азиялық іріктеу турнирлерінде топ жарды.
Аталған турнирдің финалына алты қазақстандық боксшы шыққан еді. Қазақ жанкүйерлерінің қуанышына орай, сол алты арланымыздың бесеуі алтын жүлдеге қол жеткізді. Тек, жеңіл салмақта жұдырықтасқан Олжас Байниязов француз спортшысына жол беріп, күмісті қанағат тұтты. Қайрат Ералиев, Камшыбек Қоңқабаев, Василий Левит, Бек Нұрмағанбет сынды боксшылар алтын медаль еншіледі.
Жеңіс құтты болсын!

Нұрдос КӘРІМ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.