Жаңалықтар

Абель Санчес Геннадий Головкинмен неге жұмыс істемейтінін айтты

Геннадий Головкин бапкер Абель Санчеспен бұдан былай жұмыс істемейтінін мәлімдеді. Артынша, қазақстандық спортшының америкалық бапкері бұл ақпаратты растап, қарым-қатынастың үзілуіне не себеп болғанын айтты.  


“Бүгіннен бастап мен Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін. Тоғыз жыл бойы бірге керемет жұмыс істеп, рекордтар қойып, Даңқ залынан орын алып, DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасқаннан кейін ол жалақымды азайтуды ұсынды. Абыройым мен ар-намысым осылай алдануыма жол бермейді. Өкінішке қарай, ашкөздік пен сараңдық, сонымен қатар, алғыс пен этиканың, намыс мен адалдықтың болмауы қарым-қатынасымызды үзуге алып келді”, – деді Санчес “Yahoo Sports” басылымына берген сұқбатында.

Геннадий Головкин мен Абель Санчес  2010 жылдан бері бірге жұмыс істеген болатын.  

Басқа материалдар

Back to top button