Абай шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылады

Қазақтың ұлы ақыны Абай шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

 «Елшіліктер М.Әуезовтың «Абай жолы» романын араб, түрік, грек, армян, моңғол, вьетнам тілдеріне аударуға атсалысуға дайын. Кембридж университетінің баспасында британдық кеңеспен бірлесіп, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері кіретін жинақ ағылшын және қазақ тілдерінде басып шығарылады«, — делінген хабарламада.

Мұнан бөлек, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасымен және Ұлттық аударма бюросымен бірлесіп, шет тілдерде жарық көрген Абай шығармаларының тұсаукесерін Германия, Бельгия, Люксембург, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін халықаралық кітап көрмелерінде өткізбек.