Абай

Абай ауданында екі бірдей мектепке дейінгі орталық ашылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай ауданында бірден екі елді мекеннің тұрғындары үшін қуанышты оқиға болды. Дубовка және Ақбастау ауылдық округтерінде мектепке дейінгі балаларға арналған шағын орталықтар ашылды.

— Мұнда олар өсіп-жетіліп, қоғамда өмір сүруге бейімделіп, мектепке дайындалатын болады. Мен олардың әрқайсысы жақсы адам және Қазақстанның лайықты азаматы болып өсетініне сенімдімін, — деп атап өтті аудан әкімі Бауыржан Асанов.

Ақбастау ауылында 50 орынға арналған шағын орталық ашылып, Дубовка жалпы білім беретін мектебінде 60 орынға арналған шағын орталықты кеңейтудің арқасында осы ауылдардың балаларын мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру мәселесі толық шешілді. Ауданда мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығы мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Тек осы жылы ғана ауданда мектепке дейінгі балалар үшін 170 қосымша орын ашылды. Кейінгі жылдары бұл жұмысты мемлекеттік мекемелердің бұрынғы балабақшаларының ғимараттарын босату және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде жаңа мектепке дейінгі мекемелерді ашу есебінен жалғастыру жоспарланып отыр.

Ауылдағы жас буын мен олардың ата-аналарына жарқын, жылы және жайлы бөлмелерден тұратын қос ғимарат көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Кішкентай әртістер қонақтарға өз таланттарын көрсетті, ал, олардың ата-аналары Тәуелсіздік күні қарсаңында сыйлаған мереке үшін шын жүректен алғыстарын айтты.

Басқа материалдар

Back to top button