Абай

Абай қаласында жастар форумы өтті

Абай ауданында “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ауыл және жұмысшы жастардың дәстүрлі “Предлагай! Решай! Действуй” форумы өтті. Ұйымдастырушылар шара барысында қатысушылар өздерін жан жақты көрсете алуы үшін барлық жағдай жасауға тырысқан. 

Форум бағдарламасында келесідей секция сабақтары қарастырылған:
– «Бизнес с нуля» – табысты кәсіпкерлер Ерлан Әшім мен Жамила Қосшыбаевадан бизнес-тренинг;
– «Красота и Стиль» – бьюти имиджмейкер Елена Банниковадан; визажист Сейтжаппарова Маржан, “Нұр Әсем” директорының арт-директоры Рыскулова Гүлжаннан мастер-класс.
– «Психология и Религия» – дінтанушы мен теологтың тренингі.

Қатысушылар спорт кешеніне барып, бампербол ойнады және жастар квестінде бақ сынады. Ал, кешкі уақытта қалалық  стадионда  жастар ұжымдары өнер көрсетті. Жастар мерекесіне Нұр–Сұлтан мен Алматының «Ағайынды Жүгінісовтер» және «Бонапарт» эстрада жұлдыздары шақырылды.

Аудан басшысы барлық қатысушыларды жастар мерекесімен құттықтап, белсенді және шығармашыл болуға тілек білдірді. Жаңадан бастаған екі кәсіпкер әкімнің қолынан ауылда шағын бизнесті дамытуға 1 000 000 және 500 000 теңге сомасында грант алды. Жастар ресурстық орталығына жап-жаңа автобус табыс етілді.
Форум мерекелік отшашумен аяқталды. 

Басқа материалдар

Back to top button