#Biz birgemiz!

“Abadan” клубы қарағандылықтарға 8 тонна картоп таратты

Қарағандылық “Abadan” спорт клубы республикалық Biz Birgemiz  акциясына қосылды. Спортшылар қарағандылық 600 отбасын картоп өнімімен қамтамасыз етті.

– Баршамыздың басымызға күн туған уақыт. Бұл вирусқа қарсы күресте біз бір-бірімізге көмектесуіміз керек. “BigTayGroup” компаниясының, «Нұр Отан» партиясының және Қарағанды облысының жауынгерлік өнер қауымдастығының қолдауымен біздің күрес клубымыз адамдарға азық-түлікпен көмек көрсетуге шешім қабылдады. Біз 8 тонна картоп сатып алдық және үлестірдік, – дейді  “Abadan” клубының президенті Нұрлан Қалтаев. 

Спортшылар көмекті ең мұқтаж отбасыларға үлестіру үшін  «Нұр Отан» партиясына жүгінген. Оларға азық-түлік алу үшін үйінен шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға, кіреберістері карантинге жабылған тұрғындарға көмек көрсету ұсынылды. Қалған картоп аз қамтылған адамдарға таратылды.

– Егер біз бір-бірімізге қолдау көрсетсек, көршілерімізге күлімсіреп сәлемдессек, мүмкіндігінше материалдық жағынан, азық-түлікпен көмектессек, бізге ешқандай қайғы-қасірет қорқыныш болмас еді, вирус бізді жеңе алмайды, – деп есептейді Нұрлан Қалтаев.

Басқа материалдар

Back to top button