Жаңалықтар

Ақ жол тілейміз

31 шілде күні «Шахтер» футбол алаңында қайырымдылық акциясы өтті. Акция жаттығу барысында жүзеге асты. Демеушілер облыстық «Жастар» спорт мектебінің футбол командасына форма табыстап, табысты оралуын тіледі.

Нақтылап айтар болсақ, Мәскеу қаласында өтетін халықаралық «Локобол-РЖД 2018» турнирінің финалына жолдама алған жас жеткіншектерге форма табысталды.

 «Локобол-РЖД 2018» турнирі – Еуропа көлемінде жеткіншектер арасында өтетін бірден-бір доп сайысы. Аталмыш додада Беларусь, Латвия, Литва, Эстония, Грекия, Хорватия,- Болгария, Бельгия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан елдерінің жас майталмандары бақ сынамақ. Биыл бұл шара 12 рет өткелі отыр. Ал, біздің өңірдің жас спортшылары алғаш рет қатысқалы отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Орталық Азия турнирінде біздің жігіттер Павлодарда 12 команданы жеңіп, Новосібір қаласында өткен жарыстың екінші, халықаралық кезеңіне жолдама ұтып алды. Новосібір қаласында қарағандылық команда табысқа жетіп, 2 тамыз күні Мәскеу қаласында өтетін финалға баратын болды.

«Локобол-РЖД 2018» іріктеу турнирінің жеңімпазы атанған жастар спорт мектебінің командасын Виталий Карелин мен Жасұлан Садықов жаттықтырады. Команда құрамында тек Қарағандыдан ғана емес, облыстың өзге өңірлері мен қалаларынан жас жеткіншектер доп додасына түспек.

Қасымхан Ғалым,

“Орталық Қазақстан”

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button