Басты тақырыпОблыс әкімі

АҚТОҒАЙДАҒЫ АХУАЛ – ҚАЛЫПТЫ

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Ақтоғай ауданындағы Үшарал ауылының тұрғындарымен кездесті.

Жиын барысында об­лыс­тағы ветеринария, ве­тери­нариялық инспекция, тұтынушылар құқығын қор­ғау және жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар жасады. Осы жерде тұрғындардың көптеген сауалдарына жауаптар берілді.

Үшарал ауылының екі тұрғыны күйдіргі дертін жұқ­тыруы мүмкін қаупімен ауру­ханаға жатқызылған күннен бастап тұрғындарды қорғау және дерт ошағын оқшаулау бағытындағы барлық шаралар қолға алынды. Сараптама қорытындысы анықталуын күтпестен төтенше жағдай тәртібі енгізіліп, полиция бекеттері қойылды. Мал және мал өнімдерінің тасымалдануы тоқтатылды. Ауданда арнайы штаб құрылып, жауапты органдар бекітілді. Менің тапсырмаммен мұндай штаб облыста да жасақталды, – деді облыс әкімі.

Бүгінде күйдіргі дерті бір адамда нақтыланды. Үшарал ауылында ауру малын сойған Дулат Байжұманов – сырқатқа шалдыққан. Екі адам облыстық инфекциялық ауруханада, бір адам Балқаш қаласындағы ауруханада жатыр. Барлық науқастар тиісті ем қабылдап, нәтижесінде, жағдайлары түзеліп келеді.

Күйдіргінің анықталуына байланысты Үшарал ауылына қарасты «Жеңіс» шаруа қожалығы аумағында карантин енгізілді. Арнайы бекет қойылып, шлагбаум орнатылды.

Денсаулық сақтау саласы қызмет­керлерінің күшімен маңай­дағы елді­ мекендердің 412 үйінде 1006 адам тексерістен өтті. Аурудан сақтану жолдары жазылған парақшалар таратылды. Ал, жалпы осы уақытқа дейін 8 елді мекен мен 32 қыстауда тұратын 5025 адам тексеру шараларымен қамтылды.

Қазіргі таңда науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған тұлғаларға антибиотикотерапия курстары жүргізіліп, ауру жұқтыруы мүмкін адамдар анықталмады.

Ауданның ветеринариялық қызметі тарапынан қыстаудағы жануарлар тұрақты тексеруден өткізілуде. Дерт ошағын жоюға 40 адам және 16 арнайы техника күші жұмылдырылуда.

Бұл мәселеге қатысты аудан­дағы бірқатар лауазымды тұлғалар қызметтен шеттетілді. Ветери­нариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын жөнсіз жіберіп, қауіпті эпизотиялық ахуалдың туындауына жол бергені үшін аудан әкімінің аталған салаға жауапты орынбасары жұмыстан шығарылды. Қызметтік міндеттерін ойдағыдай атқармаған аудандық ветеринария бөлімінің басшысына сөгіс беріліп, Жидебай селолық округінің әкімі мен аудандық ветеринарлық станцияның директоры қызметтен босатылды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button