Ақтоғай

Ақтоғайда қос батырға тағзым жасалды

Өткен аптада Ақтоғай ауданында Ұлы Отан соғысында ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен қазақтың қос батыры – Қазыбек НҰРЖАНОВ пен Нұркен ӘБДІРОВТІҢ 100 жылдығына орай, мәдени шара ұйымдастырылды.

«Ерліктің қос қыраны» атты тағылымды шараның мақсаты – Кеңес Одағының Батырлары Қ.Нұржанов пен Н.Әбдіровтің ерлігін дәріптеу.

Рухани кешке 1989 жылы аудан орталығындағы №14 орта кәсіптік-техникалық училищесін тәмамдаған түлектер және батырдың ұрпақтары арнайы келіп қатысты.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Абылай Аманжолов ашты. Жиналған қауым Кеңестер Одағының батыры атанған қос қаһарманды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әншісі Қайрат Әбеуов әннен шашу шашса, полковник Манарбек Ибрахим батырлар рухына арнау өлеңін оқыды. Қ.Нұржановтың ұрпағы Талғат Нұржанов танымдық шараны ұйымдастырған аудандық аграрлық-техникалық колледж ұжымына алғысын жеткізді. Тағылымды шараның соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Думан ҚАБЫЛ

Басқа материалдар

Back to top button