Ақтоғай

Ақтоғайда фитнес залы ашылды

Ақтоғай ауданы орталығында заманауи құрылғылармен жабдықталған фитнес залы ашылды.

Суретті түсірген автор

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты нысан қаладағы фитнес орталықтарынан бір де кем емес. Залда заман талабына сай түрлі жабдықтар орнатылған. Үстел теннисін де ойнауға болады.

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айдос Кішкентаев мұнда кез келген адам спортпен айналыса алатынын айтты.

Залда 18 жаттығу құрылғысы бар. Орталықтың жұмыс кестесі тұрғындардың ыңғайына қарай құрылды. Сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері – ер-азаматтарға, ал, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері – қыз-келіншектерге зал есігі айқара ашық. Орталық, әзірге бір ай тегін жұмыс істейді, – дейді бөлім басшысы.

Сондай-ақ, Айдос Кішкентаевтың айтуынша, осы бір ай мұғдарында келушілердің талап-тілектеріне орай қосымша қажетті жабдықтар алынады.

Думан ҚАБЫЛ

Басқа материалдар

Back to top button