Ақтоғай ауданында браконьерлер ұсталды

Ақтоғай ауданында түз тағысын рұқсатсыз аулаған браконьерлер ұсталды. «Нива шевролет» маркалы автокөлігін тізгіндеген 39 және 40 жастағы қос азамат жалған мемлекеттік нөмір қолданған. 

 

Автокөлікті ұстау барысында 3 аңның тушасы табылды. Ұсталғандарда оларды тасымалдауға рұқсат беретін құжат болмаған. Сондай-ақ, көліктен 12 калибрлі екі қару табылды. Қазір аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 337 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.