Жаңалықтар

Ақтоғай ауданында 5 бөлтірік құтқарылды

Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылындағы тұрғын үйлердің бірінен  бес бөлтірік табылды. Құқық бұзушылар бөлтіріктерді сатпақшы болған екен. Әйтсе де, тәртіп сақшылары браконьерлердің қолына кісен салып, бөлтіріктерді құтқарып қалды.

 Браконьерлерге ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыларға 30 АЕК (75 750 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Қазір «Сарыарқа» Агроөнеркәсіптік холдингінің қорықшысы Темірхан Базылов күшіктерді қамқорлығына алған. Күшіктер өсіп, нығайған кезде, мамандар оларды еркін шығаруға немесе агроөнеркәсіптік холдингте өмір сүруге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Ол жануарлардың денсаулығы мен күштеріне байланысты болмақ. 
Қазір Қарағанды облысында қасқырлар саны 400-ге жетті. Оларды аулауға тыйым салынған. Бұл жыртқыштарды тек малға немесе адамдарға шабуыл жасаған жағдайда ғана атуға рұқсат етіледі.

Басқа материалдар

Back to top button