Жаңалықтар

Қаңтардағы инфляция – 0,2 пайыз

Азық-түлік тауарлары бір айда 0,4%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,1%-ға, ақылы қызметтер 0,1%-ға қымбаттады. Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлайды.

Статистика департаментінің мәлімдеуінше, азық-түлік тауарларына баға индексінің қалыптасуында қаңтарда қиярға – 7,8%-ға,  пиязға – 4,2%-ға, қызанаққа –3,5%-ға, сөкке – 3,1%-ға, сәбізге – 3%-ға, сұлы жармасына – 2,5%-ға, картопқа – 2,1 %-ға, қырыққабатқа – 1,8%-ға баға өскен. Қарақұмық жармасына – 8,3%, қантқа – 3%, арпа жармасына – 2% бағаның төмендеуі анықталған. Темекі өнімдері 3,3%-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлар арасынан зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 1,4%-ға,  фармацевтикалық өнімдерге – 1,1%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, шыны және қыш бұйымдарға – 0,7%-ға қымбаттаса, дизель 0,9%-ға,  жанармай 0,6%-ға  арзандады.

Ақылы қызметтер саласында қала маңына қатынайтын поезд тарату билеттері 41,6%-ға, сақтандыру және құқықтық қызметтер – 6%-ға, қоғамдық тамақтану қызметтері – 1%-ға қымбаттады.  Сонымен қатар, алысқа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі – 3,6%-ға, әуе жол жолаушылар көлігінің қызметтері – 5,8%-ға, арзандады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button