Ақтүбек мектебіндегі ілкімді іс

Өткен жұмада Жаңаарқа ауданының барлық мектептерінде күміс қоңырау сыңғырлады. Ақтүбек орта мектебінде өткен салтанатты жиынға аудан әкімі Юржан БЕКҚОЖИН арнайы қатысты. Биыл Жаңаарқа ауданында 300-ге жуық бала орта мектепті аяқтап, үлкен өмір табалдырығын аттады. Оның 11-і – «Алтын белгіге», 6-ы – үздік аттестатқа үміткер.


Аудан басшысы Ақтүбек орта мектебінің түлектерін, ұстаздар қауымын шуақты мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, меценат Ақан Мәлтіков пен мектеп түлегі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ізтөлеу Түсіповке «Құрмет» грамотасын тапсырды.
Салтанатты жиынға айтыскер ақын, мектеп түлегі Аманжол Әлтай қатысты. Түлектерге ақ тілегін жолдаған айтыскер биылдан бастап өзінің аяулы ұстазы, Білім беру ісінің үздігі Бекболат Шайхин атындағы шәкіртақы тағайындағанын жеткізді. Биылғы шәкіртақы үздік оқушы Назель Сайлаубайға бұйырды.
Жиыннан соң 1988 жылғы түлектердің демеушілігімен білім ошағының ауласында ботаникалық бақ салтанатты түрде ашылды. Лента қию рәсімін аудан әкімі Юржан Бекқожин мен Ақтүбек ауылдық округіндегі ақсақалдар алқасының төрағасы Сейфолла Есжанов атқарды. Келген қонақтар мен ауыл ақсақалдары мектеп бітіргендеріне 25 жыл және 10 жыл толған түлектер жабдықтаған оқу залын, мектеп мұражайын аралады.
Сондай-ақ, Аманжол Әлтай атындағы кабинет ашылды. Ардагер ұстаздар, ақынның ата-анасын көрген ауыл ақсақалдары естеліктерімен бөлісті. Мектеп директоры кабинетті таныстырып, ақынның шәкірті Өміржан Көпбосын жырдан шашу шашты. Кабинеттің ашылуына ризашылығын білдірген Аманжол Әлтай ондағы жеке кітапханасымен таныстырып, алдағы уақытта да осы кабинеттің жаңа заман талабына сай жабдықталуына қарайласатынын айтты. Мектеп алдына төсемтас төсеп беруге уәде берді.
Бұдан кейін түлектер қатысқан «Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік…» атты кездесу-лекторий өтті. Мұнда «Рухани жаңғыру» тақырыбында Аманжол Дүйсенбайұлы дәріс оқыды.
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақ «Туған жерге туың тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның там-
ған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», – деген еді.
Ұлт көшбасшысының осынау толғаулы сөзі Ақтүбек ауылында көрініс тапты.

Индира АСАМИДАНОВА,
аудан әкімінің
баспасөз хатшысы.
ЖАҢААРҚА ауданы.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.