Ағаш тостақ (әпсана)

Бiр кiсi қартайып, көзi көруден, құлағы естуден, аяғы жүруден қалыпты. Дастарқан басында қолы қалтырап, тамақты төгiп-шашып iшiп, ыдыстарды сындырып қоя беретiн болыпты. Бұған баласы мен келiнi ызаланып, оны дастарқан басына отырғызбай, пеш түбiндегi қуысқа орналастырып, қолына ағаш тостақ ұстатып қойыпты. Қария дастарқанға жанары суланып, мұңая қарап отырып, ағаш тостақтағы тамағын жейдi екен. 


Бiр күнi олардың төрт жасар ұлы үйге ағаш алып кеп, пышақпен жона бастайды.

 Әкесi: 

— Мұны қайтесiң, ұлым? — деп сұрайды. 

— Ағаш тостақ жасаймын, әке. Қартайғанда сiз де осы тостақтан тамақ жейтiн боласыз. 

Ұлының мына сөзiнен соң, әкесi мен шешесi көздерiне жас толып, жасаған iстерiне қатты ұялады. Атайды қайтадан дастарқан басына отырғызып, ешбiр қылығына қабақ шытпайтын болыпты.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.