Жаңалықтар

Кәріпбек Күйіков БҰҰ бас мінберінде сөз сөйлейді

Қарағандылық Кәріпбек Күйіков Қазақстанның бастамасы бойынша бекітілген Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-әрекеттер күніне байланысты БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші ресми отырысына қатысады.

Фото: karaganda-region.gov.kz

6-шы қыркүйекте Кәріпбек Күйіков Нью-Йоркте БҰҰ бас мінбесінде сөз сөйлейді. Қазақстандық суретші және ядроға қарсы қозғалыстың белсендісі әлемге өзінің күрделі өмірінің тарихын айтып береді. Ол жайында БҰҰ Қазақстанның тұрақты өкілеттілігінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов өзінің Фэйсбуктегі парақшасында мәлімдеді. 
БҰҰ Бас Ассамблеясының ресми отырысының басталуы Астана уақыты бойынша 20.00-де болады. Тікелей эфирді БҰҰ сайтынан көруге болады.
Кәріпбек Күйіков Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен. Ол әлем бойынша қолы жоқ суретші ретінде танымал. 2016-шы жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік бойынша Саммит кезінде АҚШ бұрыңғы басшысы Барак Обамаға Күйіковтың «Жарылыс» картинасын сыйға тартқан.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button