Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда 29 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Қарағанды облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар нәтижесін беруде. Жыл басынан бері аймақта түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша 29 455 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін бұл сан тағы төрт мыңға өседі деп жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова мәлімдеді.


Оның айтуынша, жаңа жұмыс орындары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша медициналық мекемелерді және Шет ауданында күн электр станциясын ашу есебінен пайда болады. Сонымен қатар, ізденушілердің «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыс саласында жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Жақында өңірде білім беру саласында жекеменшік балабақшалар мен қосымша білім беру мекемелерінде бос жұмыс орындары құрылады.
«Еңбек» бағдарламасы аймақтың 7 мыңнан астам тұрғынына көмектесті. Оған әр түрлі саладағы мамандар, сондай-ақ жастар тәжірибесіне жіберілген ЖОО мен колледждер түлектері қатысты.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша бес мыңнан астам жұмыс орны ашылып, өнеркәсіп саласында 4 960 жұмыс орыны құрылды. 3 275 адам аграрлық секторда жұмыс тапты. Бұл шағын несие түрінде қолдау көрсетудің арқасында мүмкін болып отыр. Ауыл кәсіпкерлері стартаптарды жүзеге асырып, өз кәсібін кеңейтуде. Әсем Жүніспекованың айтуынша, ауыл тұрғындары ірі қара мал мен құстарды өсіреді.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында IT-салада тағы 100 бос жұмыс орны құрылған.
Жұмыспен қамту барысында атаулы әлеуметтік көмек алушыға да қолдау көрсетіліп, жұмыспен қамтылады немесе тегін кәсіпкерлік курстарына жібереді. Ол аяқталғаннан кейін өз ісін ашуға грант немесе шағын несие алуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button