Жаңалықтар

96 жастағы қарағандылық зейнеткер өз таңдауын жасады

Қарағанды қаласының ең қарт тұрғындарының бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері, 96 жастағы зейнеткер Бүркіт Есжанов Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысты. Сайлау учаскесіне ол жұбайымен бірге келді, – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 
Бүркіт Есжанов Көгілдір тоғандар шағын ауданындағы №77 орта білім беру мектебінің сайлау учаскесінде дауыс берді. 
– Бүгін біздің Республика үшін үлкен мереке – сайлау күні. Біз жұбайымызбен осында келіп, дауыс бердік. Біз таңдаған адам жұмысқа қабілетті, халықтың, еңбекшілердің өтініштеріне мұқият болатынына сенімдімін, – деді Бүркіт Есжанов.
Қарағанды облысының барлық сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне сәйкес жабдықталды: олар үшін дауыс беруге арналған жеке кабинкалар орнатылды және жәшіктерге ыңғайлы қол жеткізуі үшін жағдай жасалды. Кейбір учаскелерде буфеттер жұмыс істейді.Сонымен қатар, халықаралық және тәуелсіз ұйымдардың атынан сайлау барысын бақылауға ниет білдірген бақылаушылар үшін сайлау учаскелерінде қолайлы жағдай жасалды.

Басқа материалдар

Back to top button