Бас тақырыпРуханият

Қарағандыдағы №92 гимназияда «Қасымтану» кабинеті ашылды

Қарағанды қаласындағы №92 гимназияда дауылпаз ақын Қасым АМАНЖОЛОВ атындағы «Қасымтану» кабинеті ашылды. Онда ақынның кітаптары мен оқушылардың ғылыми жұмыстары және қарағандылық ақын-жазушылардың шығармалары жинақталған.

Гимназия басшылығы дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың шығармаларын насихаттау, мектеп оқушыларын әдебиет пен өнерге баулу жолында қыруар жұмыстарды қолға алған. Атап айтқанда, дәл осы мектепте жыл сайын «Қасым оқулары» өткізіледі. Дәстүрге айналған үрдіс биыл да жалғасын тапты. №92 гимназия ұжымы ұйымдастырған «Қасым мүшайрасына» 140 оқушы қатысты. Тағы бір айта кетерлігі, биылдан бастап гимназияның оқу бағдарламасына «Қасымтану» курсы енгізілген. Бұл балаларға ақынның шығармашылығымен кеңірек танысуға мүмкіндік береді.

«Қасымтану» кабинетін салтанатты ашу рәсіміне Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Серік Сағынтай, ақын Серік Ақсұңқарұлы, айтыскер ақын, профессор Қойлыбай Асанов, ақын Қайрат Асқар қатысып, оқушыларға ізгі тілектерін жеткізді.

Басқа материалдар

Back to top button