Қарағандыда Кенен Әзірбаев туралы фильмнің тұсаукесері өтеді

15 наурыз күні сағат 14.00-де «Сарыжайлау» кинотеатрында халық композиторы, ақын, әнші Кенен Әзірбаевтің ұрпақтарымен кездесу өтеді. Көрермендерге оның өмірі мен өнері туралы түсірілген фильм көрсетіледі. 


«Алатаудың ақиығы» атты фильмді Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуы орай «Түркі әлемі» телестудиясы түсірген. Сценарий авторлары — Бақытжан Әзірбаев пен Доқтырхан Тұрлыбек. Режиссері — Доқтырхан Тұрлыбек.
 Кенен Әзірбаев – Жамбылдың шәкірті болған. Музыкаға жазылған 150-ден астам өлеңдердің авторы. Ол күміс көмей әнші, қазақтың белгілі ақындары –Біржан сал, Ақан серінің ән-жыр дәстүрін жалғастырушы. Кенен Әзірбаев шығармаларының негізгі тақырыбы халқының өмірі, арманы мен мұңы, үміті болған. Оның ең танымал әндері – «Бұлбұл», «16 жыл», «Базар Назар» және «Әли батыр», «Қырғызбай» эпостары.

Дереккөз:  karaganda-region.gov.kz