Бас тақырыпРуханият

Карлагта тұтқында болған испандықтар туралы көркем фильм түсіріледі 

Испаниялық кино мамандары Карлагта қамауда болған испан тұтқындары туралы көркем фильм түсірілмек. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің “Фейсбук” парақасында хабарлады.

“Испандық продюсерлер мақсатты түрде Қарлаг пен «АЛЖИР» музейлеріне барып, Қарағанды облысына жер аударылған әскери тұтқындар мен репрессияға ұшырағандар тақырыбын терең зерттеуге кірісті. Фильм Қазақстан тарихындағы қиын-қыстау кезең – 40-50-ші жылдар туралы болмақ”, – деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министрдің хабарлауынша, Қазақстанға Plano a Plano кинокомпаниясы өкілдері продюсерлер Цезарь Бенитес, Эмилио Амаре, сценарийшілер Хуан Карлос пен Росио Мартинез келген. Олар елге келмес бұрын  испандық Энрико Гаспар Родригестің «Қарағандыда ұмытылғандар» атты  деректі фильмін көрген. Оларға тұтқын испандықтардың тағдыры ерекше әсер етіпті. Қазіргі таңда  Қазақстан тарапынан «Жаңа әлем» продакшн» компаниясымен  жоба бойынша келіссөз жүргізуде.

 

Басқа материалдар

Back to top button