Токио Олимпиадасы кейінге шегерілді

Токио Олимпиадасы 2021 жылға шегерілді. Халықаралық Олимпиада Комитеті Жапония үкіметімен болған келісімнен соң осындай шешім қабылдаған. Бұған COVID-19 пандемиясы ықпал етті.

24 наурыз күні Жапония премьер-министрі Синзо Абэ мен ХОК басшысы Томас Бах телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар жазғы Олимпиада ойындарының уақытын өзгерту туралы келісімге келген.

Айта кетейік, бұған дейін  Германия, Норвегия, Испания, Жаңа Зеландия, АҚШ, Франция және басқа елдердің ұлттық олимпиадалық комитеттері төрт жылда бір келетін байрақты бәсекенің уақытын өзгертуді ұсынған болатын. Ал, Канада және Австралия үкіметі егер Олимпиада уақыты өзгермесе, онда өз спортшыларын жарысқа жібермейтінін мәлімдеген.