Коронавирус

Қарағанды облысында шектеу шаралары күшейтіледі

Облыс аумағында 18 сәуірде, сағат 00.00-ден бастап шектеу шаралары күшейтіледі. Кешкі сағат 22.00-ден таңғы сағат 05.00-ге дейін карантин аймағында жеке автокөлікпен жүруге тыйым салынады. Ал, Теміртау және Шахтинск қалаларында жеке көліктер қозғалысы мүлдем тоқтатылады.

 

Бұдан бөлек, Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларында, Бұқар жырау ауданының Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, Петровка, Ғ.Мұстафин атындағы елді мекендерінде жұмыс орнынан берілетін анықтамалар жарамсыз болады. Яғни, аталған елді мекендер үшін өткізу жүйесі тек электронды түрде жұмыс істейді, оның өзінде, карантин кезеңінде жұмыс істеуге рұқсат етілген кәсіпорындарға ғана. Облыстың өзге қалалары мен аудандарында электрондық базаны енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Оған дейін жұмыс орнынан берілген қағаз анықтамалар – жарамды.

Егер жұмысқа жеке автокөлікпен, велосипедпен, тіпті, жаяу баратын болсаңыз да, жұмыс бабымен қала аудандары арасында жүретін болсаңыз да, электрондық базаға енгізілген болуыңыз керек.

Өтінішті жұмыс беруші 2020 жылдың 17 сәуірінен жұмысын бастайтын propusk.kz  сайтында онлайн режимінде ғана бере алады. Егер өтініш берген кәсіпорын қызметі қабылданған нормаларға сәйкес болмаса, уәкілетті орган оны беруден  бас тарта алады.

Электрондық деректер базасына енгізілгендерді қоспағанда, адамдар мен автокөліктердің облыстың аудандары мен қалаларынан тыс жерлерге кіруіне және шығуына тыйым салынады. Аудандар мен қалалар арасында блок-бекеттер орналастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында 8 (7212) 50-40-55 телефон номері бойынша «Жедел желі» жұмыс істейді.

Одан бөлек, жүк қозғалысы, кіру және шығу мәселелері бойынша 8 700 362 31 09,  8 701 369 91 22 ұялы байланыс телефондарына да хабарласуға болады.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының номерлері: 1432, 8 778 870 14 32.

Салтанат ІЛИЯШ

Басқа материалдар

Back to top button