Қосымша білім қашықтан беріледі

Бала дамуы үшін, тек, мектеп бағдарламасымен ғана шектеліп қалмай, қосымша білім алуы керек. Сондықтан да қосымша білім қашықтан беріледі. Оның қалай жүзеге асатынын облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев айтып берді. 

  • Қазір мұғалімдер мен жаттықтырушылар видео-сабақтар жазып, әлеуметтік желіге жүктеуде. Өз кезегінде оқушылар осы тапсырмаларды орындап, соның видеосын жариялайды. Бұл ұстаз бен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуде. Әрі балалардың білім алуына да мүмкіндік беріп отыр. Музыка, өнер, спорт және технология пәндері видео-сабақ арқылы қашықтан оқытылады, — деді Есенғазы Иманғалиев.