«Білім-Инновация» лицейінің қабылдау емтиханы қашан басталады?

Қарағандыдағы «Білім-Инновация» лицейлерінің қабылдау емтихандарының уақыты нақтыланды. Бұл туралы білім ошағының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында хабарланды.  

«Қымбатты ата-аналар және 6-сынып оқушылары!
«Білім-Инновация» лицейлерінің қабылдау емтиханы 18-19 маусым күндері өтетінін қуана хабарлаймыз.
Тіркеу 15 мамырда басталады.
Қабылдау емтиханының ережесі мен қатысу нұсқаулығы туралы толық ақпарат біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызда жарияланады», — делінген хабарламада.